Бейжің-2022: Дмитрий Рейхард могулдан екінші финалға шықты

Бейжің-2022: Дмитрий Рейхард могулдан екінші финалға шықты

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл могулдан Дмитрий Рейхерд бірінші финалдан да сүрінбей өтті.

Дмитрий Рейхерд 76,90 ұпай алып екінші финалға өтті. Осылайша он екі үздік спортшының бірі атанды.

Айта кетейік, ол алғашқы финалдық іріктеуде 74.90 ұпай еншілеп Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының бірінші финалына шыққан болатын.