Бейжің Олимпиадасында В.Пухкало скиатлоннан 32 орында тұр

Бейжің Олимпиадасында В.Пухкало скиатлоннан 32 орында тұр

Бүгін Бейжіңдегі қысқы олимпиаданың екінші күні. Ұлттық құрама спортшылары бірқатар жарысқа қатысып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық екі спортшы скиатлонда бақ сынап көрді. Виталий Пухкало мәре сызығын 32 болып кесті. Ал екінші шаңғышымыз Евгений Величко дистанциядан шеттеп қалды. Ол жеңімпаздан бір айналым артта қалған еді.

Александр Ткачук, шаңғы жарысынан ҚР ұлттық құрама командасының басшысы:

– Біз алғаш рет ер азаматтардан екі адамды ғана қатыстырдық. Ал эстафеталық команда негізінен төрт адамнан тұрады.  Біз әрдайым 4-6 спортшыны бәйгеге қосатынбыз. Бұл олимпиадада эстафеталық сайысқа қатыспаймыз. Бұл қиын жағдай. Қатысып жатқан спортшылардың дені жастар. Бірақ мұндай сайыстарда жұлдызы жарқырайтын спортшы әлі жоқ. Қысқы спорттың ешбіреуінде жоқ десек те болады. Бізде барлық жағдай жасалған және қашанда жоғары дәрежеде болатынбыз. Десе де алдағы уақытта жағдай оңалады деп сенемін.