Бейжің 2022: қазақстандық шаңғышылар спринттен іріктеу айналымында сынға түсті
Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу сыны аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Надежда Степашкина тіркеді. Ол 51-ші орында.
Ангелина Шурыга 60, Ксения Шалыгина 67, Ирина Быкова 68-ші сатыға тұрақтаған.
Ширек финалға жолдама алу үшін спортшылар алғашқы 30 шаңғышының қатарына ену керек.