Бейжің 2022: биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко спринтте бақ сынады

Бейжің 2022: биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко спринтте бақ сынады
Olympic

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы спринт бәсекесі аяқталды. Аталған сынға Қазақстан атынан Галина Вишневская-Шепоренко қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Галина ату кезінде бір рет мүлт кетіп, 52-орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 2:38.3 секундқа қалып қойған. 

Биатлоншылар додасында норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн жеңіске жетті. Күмісті швециялық Эльвира Эберг, қоланы италиялық Доротея Вирер еншілеген. 

Айта кетелік, Вишневская-Шепоренко спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына жолдама алды.