Таеквондодан халықаралық турнирде қазақстандықтар жүлдеге ілікті

Таеквондодан халықаралық турнирде қазақстандықтар жүлдеге ілікті

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G2 санатындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар да жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жасөспірімдер арасындағы додада Қазақстан сапынан Акрамат Долгиев (48 келі), Жарас Әлімжанов (59 келі), Назым Махмұтова (63 келі) жеңімпаз атанса, Аяжан Сапархан (59 келі) қола жүлде жеңіп алды. 

Айта кетелік, осы бәсекеде ересектер арасында сынға түскен Жансель Дениз 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде жеңіп алған болатын.