Роналду АҚШ-қа кетуі мүмкін

Роналду АҚШ-қа кетуі мүмкін
Sportbox

MLS-тің екі бірдей клубы португалиялық шабуылшыға келісімшарт ұсынуға дайын, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтедтегі» өнеріне көңілі толмайтындар көп.

Ағылшын клубына ауысқанда әдемі голдарымен көзге түскен Криштиану соңғы 13 жылдағы антирекордын қайталап, қақпаны тура көздей алмай жүр.

Егер «қызыл сойқандар» маусым соңында Чемпиондар лигасына өте алмаса, олар жұлдызды ойыншымен келісімшартты үзуге мәжбүр болады.

Сондықтан Роналду манкуниандықтар қатарынан биылғы маусымда-ақ кетуі әбден мүмкін. Осыны ескерген клубтар португалиялықтың агентіне хабарласып жатыр.