Бейжің Олимпиадасының 20 ақпан күнгі жарыс кестесі

Бейжің Олимпиадасының 20 ақпан күнгі жарыс кестесі

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күнінде қазақстандықтар бір спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды prosports.kz. 

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында 30 шақырымға масс-старт өтеді. Алайда бүгінгідей ауа райы болса, ұйымдастырушылар қашықтықты қысқартуы ықтимал. Әзірше Қазақстан құрамасы жарияланған жоқ.  

20 ақпандағы кесте 

Шаңғы жарысы

12:30

30 шақырымға масс-старт. Еркін жүріс. Әйелдер. 

 

*Нұр-Сұлтан уақытымен