Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыз сыйақы ала ма?

Бежің Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спортшыларымыз Олимпиадада бірде-бір жүлде жеңе алмады. Дегенмен жүлделі орынға жақын нәтиже көрсеткен спортшыларымызға сыйақы беріледі. Мысалы, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке 500 метр қашықта төртінші орын алғаны үшін 30 000 доллар сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, Абзал мен аралас эстафетаға қатысқан Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша бесінші орын үшін 10 000 доллардан алады.