Теннисші Александр Недовесов финалда сүрінді

Теннисші Александр Недовесов финалда сүрінді
ktf.kz

АҚШ-тың Делрэй-Бич қаласында ATP 250 турнирі аяқталды. Дуэтте пәкістандық Айшам Курешимен бірге жарыстың финалына шыққан қазақстандық Александр Недовесов жеңіске бір қадам жетпей сүрінді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Недовесов/Куреши жұбы финалда Марсело Аревало (Сальвадор) мен Жан-Жюльен Ройер (Нидерланд) дуэтінен жеңілді – 2:6, 7:6 (7:5), 4:10.

Шамамен екі сағатқа созылған матчта Александр мен Айшам тек бір брейк-пойнтты жүзеге асырып, үш қосарланған қателік жіберді.