Ресей спортшыларына шектеу күшейді

Ресей спортшыларына шектеу күшейді

Ресей спортшыларына шектеу күшейді. Бұған дейін футбол, бокс, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар Ресей және Беларусь спортшыларын жарыстардан шеттетіп, аталған елдерде бәсеке өткізбейтінін мәлімдеді. Енді бұл жолы халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь спортшыларын бейтарап статуста жарысқа қатыстырмақ және оларды жалпы медальдық есепке қоспайды.

Халықаралық ұйым бас асамблеяның кезектен тыс жинын өткізіп, Ресей мен Беларусь федерацияларын мүлдем мүшеліктен шығару мәселесін талқыламақ. Бұған қоса, халықаралық паралимпиадалық комитет Ресей мен Беларусь елдерінде ешқандай шара ұйымдастырмайды.

Айта кетейік, Бейжіңдегі паралимпиада ойындары ертең басталады және ол 13 наурызға дейін жалғасады.

СУПЕРКУБОК «ТОБЫЛҒА» БҰЙЫРДЫ

Суперкубок «Тобылға» бұйырды. Маусымның ең маңызды матчы елордада өтті. «Астана Арена» стадионында қазіргі ел чемпионы «Тобыл» мен ел кубогының иегері «Қайрат» кездесті. Қостанайлық клуб мачты белсенді бастады. Әсіресе, 30-шы минутта Серікжан Мұжықов 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Он минут өтпей жатып «Қайрат» сапындағы Жоао Паоло таразы басын теңестірді. Алматылық клубтың алға шығу мүмкіндігі болған. Бірақ 60-минутта Рикарду Алвеш 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады. Есесіне Айбар Жақсылықов ойын соңына қарай мергендігімен көзге түсіп, өз командсына жеңіс сыйлады.

Айта кету керек, қостанайлық команда екінші жыл қатарынан суперкубокты иемденіп отыр. Енді бірер күннен кейін ішкі біріншілік басталады. Қос команда да алғашқы мачтын өз алаңында өткізеді. Яғни, 5-ші наурызда «Тобыл» Ақжайықты, ал, Қайрат Ақтөбені қабылдайды.

ГОЛОВКИН МЕН АЛЬВАРЕС ТАҒЫ КЕЗДЕСЕДІ

Головкин мен Альварес тағы кездеседі. Бокс жанкүйерлері асыға күтіп жүрген жекпе-жек қыркүйек айында өтеді. Ал бокс кешін қабылдайдын орын әзірге белгісіз. Бірақ кей ақпарат көздері Лас-Вегаста ұйымдастырылатынын алға тартады. Ең бастысы, қос тарап үшінші кездесу өткізуге қатысты келісімге қол қойды. Бірақ құжатқа сәйкес, Головкин мен Альварес алдымен көктемге жоспарлаған жекпе-жектерінде жеңіске жету керек. Мәселен, жерлесіміз сәуірде жапониялық Рета Муратамен жолығады. Альварес мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен рингке шығады.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арысындағы алғашқы кездесуде тең нәтиже тіркелді. Екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы ұпай көрсеткішімен ұтты. Бүгінге дейін қазақстандық боксшы 43 кездесуге қатысып, 41-інде жеңіске жетті. Ал Канелоның көрсеткішіі – 60 кездесу, 57 жеңіс.