Әлем кубогі: қазақстандық конькиші үздік ондыққа енді

Әлем кубогі: қазақстандық конькиші үздік ондыққа енді
Sports.kz.

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өткен әлем кубогінің финалында сегізінші орын алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Халықаралық коньки тебу одағының ресми сайтында жарияланғандай, 1500 метрге жүгіруде қазақстандық спортшы сегізінші нәтиже көрсетті, бұл көшбасшыдан 2,60 секундқа баяу.

Жарыста жапондық Михо Такаги бірінші, голландиялық Антуанет де Йонг екінші, ал үздік үштікті норвегиялық Рагне Виклунд тұйықтады.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Екатерина Айдова 1:58, 563 есебімен жарысты 13-орынмен аяқтады.