Хоккей: Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Хоккей: Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасы қатысатын шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының «А» тобының толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франциямен ойнайды. Айта кетейік, Франция құрамасы санкцияға ұшырап, турнирден шеттетілген А тобындағы Ресей құрамасын ауыстырды. Сондай-ақ Беларусь құрамасы В тобынан шығарылды. Оның орнына Австрия қатысады.

Шайбалы хоккейден биылғы әлем чемпионаты Финляндияда 13-29 мамыр аралығында өтеді. А тобының ойындары Хельсинкиде, В тобының ойындары Тампереде өтеді.

Қазіргі әлем чемпионы – Канада құрамасы.