Елордалық теннисшілер наурыз мейрамын ерекше атап өтті

Елордалық теннисшілер наурыз мейрамын ерекше атап өтті

Олар мереке күндері спорт залға жиналып, арнайы турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл да осы дәстүрді бұзбай, әуесқойлар арасындағы аламанда бас қосты. Оған жергілікті спортшылардан бөлек, Алматы, Тараз, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл өкілдері қатысты. Бас-аяғы 150-ден аса спортшы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыстар жекелей, жұптық және аралас бағыттарда болды. Нәтижесінде Қарағанды қаласынан келген спортшылар алдына жан салмай, жалпы есепте топ басына шықты. Одан кейін Солтүстік Қазақстаннан келген спортшылар, ал жергілікті теннисшілер үздік үштікті түйіндеді. Турнирден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.