Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылып, 8 жылға спорттан шеттетілді

Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылып, 8 жылға спорттан шеттетілді

Спорт арбитраж соты (CAS) қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовты допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті, деп хабарлайды sports.kz ресурсына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

2021 жылдың қаңтарында Халықаралық допинг тест агенттігі «Рахимовқа допинг қолданды» деп айып тағып, уақытша жарысқа қатысуына тыйым салған еді.

Спортшы бұл шешіммен келіспей, арбитраж сотының допингке қарсы бөлімшесіне жүгінді. Сот ауыр атлетті төрт зәр үлгісін ауыстырды деп таныды. Бұл IWF антидопинг ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Нижат Рахимовтың 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі жарыстарда жеткен бүкіл көрсеткіштері жойылды. Қазақстандық ауыр атлет 2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінен айырылды. Алтын медаль қытайлық Люй Сяоцзюнге беріледі.