МакГрегор қамауға алынды

МакГрегор қамауға алынды
Fight Wave

Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор көлікті қауіпті жүргізгені үшін қамауға алынды. Одан 170 мың еуро тұратын Bentley көлігі уақытша тәркіленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтер қазір кепілдікке босатылды, келер айда соты өтеді. Ол бұған дейін 2017 жылы жылдамдықты асырғаны үшін 400 еуро айыппұл төлеген болатын.

Айта кетейік, МакГрегордың кейінгі жекпе-жегі былтыр 11 шілдеде UFC 264 турнирі аясында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде Конор америкалық Дастин Порьемен кездесті. Макгрегор аяғын сындырып алып, қарсыласы жеңіске жетті.