Велоспорттан Азия чемпионаты: ұлттық құрама жетістігі

Велоспорттан Азия чемпионаты: ұлттық құрама жетістігі

Велоспорттан Азия чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына бірден 7 медаль түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

61 шақырымға созылған топтық жарыстың қорытындысы бойынша Алина Спирина мәреге екінші болып жетсе, Дария Қазақбай үшінші орыннан көрінді. Бұл күні ерлер құрамасы да ерекше көзге түсті. Қазақстандық Максим Тараскин күміс медаль иеленсе, Илья Карабутов үшінші орын алды. 23 жасқа дейінгі спортшыларымыз да нәтиже көрсетті. Топтық жарыстың қорытындысы бойынша Глеб Брусенский алтыннан алқа тақса, Даниил Пронский күміс, Николя Винокуров қола медальге ие болды.

Омбыда Гагарин кубогінің жартылай финалының жетінші ойыны өтіп, «Авангард» «Металлургты» 5:1 есебімен жеңді. Омбылықтар сапында шабуылшы Арсений Грицюк дубль жасады. Шабуылшы Никита Сошников пен Николай Прохоркин және қорғаушы Алексей Емелин қарсылас қақпасына бір шайбадан салды. Металлургтер сапынан шабуылшы Анатолий Никонцев «Авангард» қақпасына жауап ретінде тек бір гол соқты.

«Авангард» үшін зор жеңіс болды. Бұған дейін омбылықтар  қатарынан үш рет жеңілген. Осы жолғы жеңісінен соң сериядағы есепті 3-3 қылып теңестірді. Шешуші кездесу ертең Магнитогорскіде өтеді.