Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты: екінші жарыс күнінде алаңға кімдер шығады

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты: екінші жарыс күнінде алаңға кімдер шығады

Бүгін елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың екінші күнінде ерлер мен әйелдер арасында 500 м қашықтық бойынша үздіктер анықталады. Сонымен қатар 3000 м, 500 м қашықтық бойынша ерлер мен әйелдер арасында эстафета жарыстары өтеді. Шорт-трекшілер эстафета микс санаты бойынша 2000 м қашықтықта бәсекемен күнді қорытындылайды. 

Айта кетерлігі, шорт-тректен Қазақстан чемпионаты елордада «Алау» мұз сарайында өтіп жатыр. Республикалық біріншілік 31 наурызға дейін жалғасады.