Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов әлем кубогінде чемпион атанды

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов әлем кубогінде чемпион атанды
Olympic.kz

Нариман Құрбанов Бакуде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол барлығы 14,633 ұпай жинап жетістікке жетті.

Екінші орынды албаниялық Матвей Петров, қоланы француз Томмасон Сириль иеленді.