Мексикалық боксшы төрешіні нокаутқа түсірді (видео)

Infobae

Боксшы Ирвин Туррубиартес жекпе-жек барысында мексикалық төреші Хесус Гранадосқа соққы жасады. Үшінші раундтың аяқталуына он секунд қалғанда боксшы байқамай төрешінің кеуде тұсынан ұрып жіберген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гранадос раунд аяқталған соң дәрігерлер көмегіне жүгінді. Төреші кездесуді жалғастыра алмай, орнына қосалқы рефери шықты. БАҚ мәліметінше, Гранадос ауыр жарақат алмаған, ауруханаға түспеді. 

Туррубиартес жетінші раундта қарсыласы Херардо Валенсуэлуды нокаутпен жеңді.