Thailand Open-2022: қазақстандық боксшылардың еншісінде жеті медаль бар

Thailand Open-2022: қазақстандық боксшылардың еншісінде жеті медаль бар
Фото: ASBC

Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде жеті медаль еншіледі.

Бірінші болып жартылай финалға 81 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай (жеребенің арқасында жекпе-жексіз) шықты, деп хабарлады qazaqsporty.kz.

5 сәуірде алты қазақстандық жартылай финалға шығып, кемінде қола медальге қол жеткізіп отыр: Аятулла Тәкежанов (75 кг), Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай (екеуі де – 91 кг), Санатали Төлтаев, Аслан Мусинов (екеуі де – 63 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг). Тимур Нұрсейітов (75 кг) жарысты ширек финалдан аяқтады.

Айта кетейік, Thailand Open-2022 турнирі 9 сәуірде аяқталады.