Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін
Vesti.kz

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду осы жазда командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, «қызыл сойқандардың» кейбір басшылығы португалиялық футболшының жазғы трансфер кезінде клубтан кеткенін қалайды. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді «Манчестер Юнайтедтің» тең иесі Джоэл Глейзер мен клубтың директорлар кеңесі қабылдайды.

Айта кетейік, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» 2021 жылы тамызда ауысып келді. Ойшының клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Роналду осы маусымда Англия Премьер-лигасында 25 ойынға қатысып, 12 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.