Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Сұлтан Зәуірбек Лондондағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Сұлтанның екінші жартылай жеңіл салмақта WBO European чемпионы болғанына қарамастан ол Ботеллимен атаққа таласқан жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Қазақстандық қарсыласын 5-раундта нокаутқа түсірді. Бұл ретте үшінші раундта төрешінің Сұлтанға нокдаун жариялағанын айта кету керек.

Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы карьерасында 13-рет жеңіске жетті. Ал Николас Ботелли 7-рет жеңілді. Сұлтан алдымен мальталық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жек алдында жарысқа қатыса алмайтынын мәлімдеді.