УЕФА Еуропа лигасында жанжал шығарған командаларды жазалауы мүмкін

УЕФА Еуропа лигасында жанжал шығарған командаларды жазалауы мүмкін
Prosports.kz

УЕФА еурокубоктың ширек финалындағы матчтарының қорытындысы бойынша бірнеше команданы жаауаптамақ, деп хабарлайды «Хабар24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, «Манчестер Сити», «Атлетико Мадрид», «Барселона» және «Айнтрахт» көпшіліктің назарында қалды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы «Атлетико» - «Манчестер Сити» кездесуі кезінде футболшылар жанжалдасып қалған болатын. Кейінірек ойыншылар трибунаның астына кетіп, текетіресті жалғастырған.

Еуропа лигасының 1/4 финалында «Барселона» мен «Айнтрахт» арасында жанкүйерлер жанжал шығарған. Бұған наразылық білдірген каталониялық жанкүйерлер үзілісте орындарынан кетіп, екінші тайм басталғаннан кейін 10-20 минут өткен соң ғана оралған болатын. Матчты неміс клубының 30 мыңға жуық жанкүйері тамашалады. Ережеге сәйкес, стадиондағы жанкүйерлерді бір-бірімен араластыруға болмайды. «Айнтрахт» өз кезегінде қонақтағы матч кезінде жанкүйерлер саны 5%-тен аспауы керек деген ережені бұзған.