АЧ: әйелдер күресі бойынша отандастарымыз үздік үштікте

АЧ: әйелдер күресі бойынша отандастарымыз үздік үштікте

Құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медальға иелік етті. Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова, 72 келіде Жәмила Бақбергенова алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қоланы иеленді.

Құрлықтық дода 24 сәуірде мәресіне жетеді.