Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындарына елімізден 65 спортшы аттанды

Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындарына елімізден 65 спортшы аттанды

Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы дүниежүзілік доданы Бразилия қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 100 елден 4 мыңға жуық спортшы жиналды. Арасында Қазақстан құрамасы да бар. Биылғы байрақты бәсекеде ел намысын 65 спортшы қорғайды. Олар спорттың 9 түрі бойынша бақтарын сынамақ. Жарыстың ашылу салтанатында көк байрағымызды таэквондошы Аян Әбдіраш алып шықты. Ол алдыңғы сурдлимпиада ойындарында чемпион атанған болатын. Бұған қоса, әлем чемпионаты мен халықаралық турнирлерде жүлдеге ілігіп жүр. Өткен ойындарда ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 25-орынға жайғасқан еді. Биылғы мақсат содан кем түспеу – дейді қазақстандық команданы бастап барған Бекболат Байжанов.

Бекболат Байжанов ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

Бақытжан Сапарбаев, Қазақстан республикасының бразилиядағы елшілігі өкілі:

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Ел үздіктері анықталды. Елордада жүзуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ішкі біріншілікке бас-аяғы 315 спортшы қатысты және бұл өзіндік рекорд дейді ұйымадстырушылар. 3 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте Алматы қаласының құрамасы алдына жан салмады. Олар 685 ұпай жинады. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысының командалары түйіндеді. Ал жергілікті Әрсен Қожахметов пен Александр Жубрин жақсы нәтиже тіркеп, жарыстың рекордын жаңартты. Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жас үміткерлер спорттық рарядттарын арттырды. Ал ең жақсы өнер көрсеткендері ұлттық құрамаға алынды. Енді олар алдағы халықаралық жарыстарда, оның ішінде биылғы Азия ойындары, Азия чемпионаты және әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Серік Халелов, №4 мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы:

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Ұлттық құраманың үздігі жарысқа қатыспайды. Бірер күннен хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсекені биыл Финляндия қабылдайды. Қазақстан құрамасы Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен бір топқа түсті. Осыған байланысты ұлттық құрама жасақталып, жарыс алдындағы дайындық пысықталып жатыр. Әлемдік аламанға жарақатына байланысты Никита Бояркин бара алмайды. Қалған жігіттер түгелдей жиналды және баптары жаман емес – дейді бас бапкер Юрий Михаилис. Қазақстан құрамасы алдымен Ригаға аттанып, қос жолдастық кездесу өткізеді. Ал әлем чемпионаты 13 мамыр мен 29 мамыр аралығында болады.

Юрий Михайлис, ұлттық құраманың бас бапкері:

Ел чемпионаты жуырда ғана аяқталды. Сондықтан жігіттердің бабы жақсы. Көбі әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, шеберліктерін көрсеткісі келеді. Жарысты тағатсыдана күтіп жүр деуге болады. Қазір болжам айту қиын. Бірақ әр ойынға жеке тактика құрып, тыңғылықты дайындалып жатырмыз және ұлттық құрама ел үмітін ақтайды деп ойлаймын.