«Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты

«Реал» Чемпиондар лигасының финалына шықты
vseprosport.ru

Қазақстан уақыты бойынша 4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Мадридте Чемпиондар лигасы 1/2 финалының қарымта кездесуі өтті, деп жазады Prosports.kz.

«Реал Мадрид» өз алаңына англиялық «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен ұтып, керемет камбэк жасады.

Манчестерде өткен алғашқы кездесуде 4:3 есебімен жеңіске жеткен «Сити» Мадридте де алдымен есеп ашты. Жалпы есепте 3:5 болып ұтылып жатқан «Реал» матч аяқталар тұста 2 гол соғып, ойын қосымша уақытқа жалғасты. Ал қосымша уақытта Карим Бензема пенальтиді сәтті орындап, мадридтік команда финалға жолдама алды. Жалпы есеп - 6:5.