Бокстан әйелдер арасындағы әлемдік чемпионаттан басты үміттеріміз шығып қалды

Бокстан әйелдер арасындағы әлемдік чемпионаттан басты үміттеріміз шығып қалды

Басты үміттеріміз жарыстан шығып қалды. Түркияның Стамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Іріктеу кезеңі аясында ұлттық құрама сапындағы 4 спортшы қарсыластарына есе жіберді. Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Назым Қызайбай Колумбия өкілінен жеңілсе, орта салмақтардағы Дариға Шәкімова мен Римма Волосенко да  алғашқы айналымнан аса алмады. Тек 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан ғана испаниялық боксшыны айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетейік, осының алында Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзовалар да кезекті кезеңге өткен болатын. Түркиядағы додаға бас-аяғы 12 спортшымыз аттанды. Ал жарыстың жалпы қорытындысы 20 мамырда белгілі болады.

Назым Қызайбай, ұлттық құрама мүшесі

Дина Жоламан, ұлттық құрама мүшесі:

- Бұл әлем чемпионаты. Сондықтан ә дегеннен жақсы өнер көрсетіп, жеңіске деген ұмтылысты байқату қажет. Алғашқы кездесуде ұттым. Бірақ оған тоқмейілсуге болмайды.  Енді кезекті қарсыласыма дайындыққа кірісем.