Данилина Рабаттағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты

Данилина Рабаттағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабатта өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз АҚШ спортшысы Ингрид Нилмен бірге бірінші айналымда Я.Каббай (Марокко)/Е.Казионова (Ресей) жұбын жеңді. 

Тура 1 сағатқа созылған кездесу 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.