Иван Дычконың шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

Иван Дычконың шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды
tribuna.media

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

BoxRec.com ақпараты бойынша, Дычконың алдағы кездесуі 4 маусым күні Луисвилл (Кентукки штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Бірақ қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Иван соңғы кездесуін 18 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізіп, ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) бірінші раунда нокаутпен жеңді. Содан соң Дычко 16 сәуір күні америкалық Дэниель Мартцпен (20-10-1, 17 КО) жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ кездесудің алдында отандасымыз АҚШ-қа виза ала алмай қалды.