«Тобылға» жаңа бас бапкер тағайындалды

«Тобылға» жаңа бас бапкер тағайындалды

Сербиялық маман Милан Миланович қостанайлық клубтың бас бапкері лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы клубтың инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды. Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Белградтың «Чукарички», Германияның «Аугсбург» клубтарында доп тепкен.

Миланович бапкерлік мансабын 90-жылдардың ортасында бастады, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. 2009 жылы Босния және Герцеговинаның «Лакташи» клубын басқарды, 2012 жылы «Шерифте» бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2012 жылдың қыркүйегінде «Хайдук»(Сербия) клубымен келісімшартқа қол қойды. Содан кейін «Нови-Пазар», «ОФК», «Раднички» және «Рада» сияқты серб командаларында жұмыс істеді. 2019 жылы «Ertis» ұжымына бас бапкер болып келді. 2021 жылы Арменияның «Алашкерт» командасымен келісімшарт жасасты.