Алан Құрманғалиев олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасының стипендиаты атанды

Алан Құрманғалиев олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасының стипендиаты атанды
Olympic.kz

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы мен Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) стипендиаты атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бағдарлама әлем бойынша талантты, олимпиада арманына ұмтылған, бәсекеге қабілетті жастарға арналған. 

Бағдарлама аясында стипендия иегерлеріне, жас теннисшілерге 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат алу үшін жаттығуларына техникалық және қаржылай көмек көрсетілетін болады.