Амангелді ауылында спорттық үйірмелерге арналған жаттығу залдары жоқ – Түркістан облысы

Амангелді ауылының жастары аудан орталығына күн де қатынауға мәжбүр. Себебі ауылда спорттық үйірмелерге арналған жаттығу залдары жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Елді мекендегі жалғыз футбол алаңы азып кеткен. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

- Мына алаңда доп тебу тұрмақ жаяу жүрудің өзі қиын. Тұрғындар айналаны өз күштерімен қанша рет тазартқанымен, қаптаған жантақ пен шөп-шалаңнан арылу мүмкін болмай тұр,-дейді. Салдарынан қоршалмаған жер телімі мал жайылымына айналып, қараусыз жатыр.

Кезінде ауыл азаматтарының қолдауымен тұрғызылған футбол қақпасы сол күйі тұр. Бірақ алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес,- дейді тұрғындар. Біраз жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырған жұрт стадионды заман талабына сай жабдықтап беруді сұрап отыр. 

Базарбай Өміров, Амангелді ауылының тұрғыны:

- Бұл стадионның аты бар да заты жоқ. Негізі ешқандай құжаты жоқ. Құжаты болса, қаржы бөлініп, трибуналар, орындықтар жасауға болатын еді. 30 жылдан бері неше әкім ауысты ешқайсысы бір әрекет жасаған жоқ.

Дидар Алпысбай болашағынан зор үміт күттірген жас. Ол аудан орталығына жеті жылдан бері қатынап, футбол үйірмесіне қатысып жүр. Спорт мектептері арасында өткізілген облыстық сайыстарда команда үздігі атанып, белсенділігімен көзге түскен. Бірақ бұқаралық спортқа лайықты қолдаудың жоқтығы қынжылтады,- дейді.

Дидар Алпысбай, Амангелді ауылының тұрғыны:

- Кей кезде бара алмаймыз. Қаражат таппай қаламыз. Такси болмай қалады. Жаяу барған кездеріміз де болды. Тринеровкадан кешігіп, жаяу барып жаяу қайттық. Сол өзімізде салынса, жақсы болатын еді. Артымыздан еріп келе жатқан інілерімізді тартып, осы жерде ойнап, ауданға шығарып, облысқа шығып, Қазақстанның атын спорт жағынан шығаратын едік.

Ал ауылдық округтің әкімі елді мекендерді спорттық алаңмен қамту кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын айтады. Бюджеттен жылына бір ғана шағын футбол алыңына қаржы қаралыпты.

Кеңес Халық, Біртілек ауылдық округінің әкімі: 

- Жекеменшік әлеуметтік әріптестік бойынша мүмкіншілік бола ма деп бір-екі адамдар келді бізге жәрдем бергісі келіп жатыр. Егерде ондай адамдар болса жеріміз дайын, жер беруге. Ал енді биылға осы Амангелді елді мекеніне спорт алаңы жоқ.

Жергілікті билік өкілдері Амангелді елді мекеніне стадион салу үшін кезек күтуге тура келетінін айтады. Баласы алты шақырым жердегі аудан орталығына қатынап жүрген ата-ананың шыдамы таусылған

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов