Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан плей-офф сатысына шықты

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан плей-офф сатысына шықты

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылуда. Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасты. Қазақстандық ватерполшылар Австралиядан 6:19, Жаңа Залендиядан 11:15 есебімен жеңілді. Ал Бразилияны 10:6 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар өз тобында үшінші орын алып, плей-офф сатысына жолдама алды.

Қазақстандықтар енді 26 маусымда плей-офф сатысында Грекиямен күш сынасады. Әлем чемпионаты 2 шілдеде мәресіне жетеді. Ел құрамасы бұған дейін әлем чемпионатына 10 мәрте қатысты.

1998 жылы сегізінші орынға табан тіреп, ол әзірге өз тарихында жоғары жетістік саналып отыр.