Қазақстандық футбол федерациясына айыппұл салынды

Қазақстандық футбол федерациясына айыппұл салынды

Ұлттар Лигасының аясында елордада өткен Қазақстан – Словакия матчында жанкүйерлер тәртіп бұзып, алаңға түрлі зат лақтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әркет УЕФА тәртіптік-бақылау және әдеп инстациясының жиынында қаралып, Қазақстан футбол федерациясына 11 625 еуро айыппұл салынды. Бұл қазіргі валюта бағамымен 5 миллион 600 мың теңге.

Айта кету керек, бұндай санкция қазақстандық тарапқа осы маусымда екінші рет қолданылып тұр. Егер алдағы уақытта жағдай қайталанатын болса, жанкүйерлерді ойынға мүлде кіргізбеуі мүмкін делінген федерация таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы топтың кезең аясында енді қос матч өткізеді. Яғни қыркүйек айында өз алаңында Беларусьті қабылдайды. Бірер күннен кейін сырт алаңда Әзербайжан құрамасымен кездеседі. Ұлттық құрама үшін соңғы 4 ойында 3 рет жеңіске жетті. 1 рет тең түсті. Спорт мамандары оған сенсациялық жетістік деген баға берді. Осының арқасында жерлестеріміз қазір С дивизионы үшінші тобының бірінші сатысында тұр.

ЕЛОРДАДА ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Оған 9 және 10 жастағы 260-қа жуық өрен қатысты. Бас-аяғы 16 команда 2 жас деңгейінде өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жергілкті спорттық мектеп командасы және айбын футбол клубы жеңімпаз атанды. Олар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылған турнир алдағы уақытта тұрақты өткізілмек. Бұған қоса, балалар арасында басқа жас деңгейлерін қамтитын додаларды да жиі жасау керек дейді мамандар. Өйткені осы арқылы бұқаралық спорттың дамуына және болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге мүмкіндік ашылады.

Давид Лория, қалалық футбол федерациясының президенті:

– Елордада балалар спортын дамытуға және бұқаралық спортты жандандыруға бағытталған жобалар бар. Бұл турнир соның аясында өтіп жатыр. Жергілікті әкімдікпен бірлесіп, осындай форматтағы жарыстарды тұрақты өткізуге және оның санын арттыруға тырысамыз. 

РЫБАКИНАНЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ

Тарихи жетістік. Рыбакинаның соңғы жеңісіне осындай баға беріліп жатыр. Өйткені ол өзінің кәсіпқой мансабында алғаш рет және жалпы қазақстандық теннисшілер арасынан бірінші боп Уимболдон турнирінің жартылай финалына шықты. Жылдың басты бәсекесі дәл қазір Ұлыбританияда өтіп жатыр. Жерлесіміз ширек финалда австралиялық Айла Томляновичпен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Матч шамамен екі сағатқа сзыолды және оның барысында Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қорытынды есеп: 6:4, 6:2, 6:3. Енді Елена жартыдай финалда әлемнің 18-ші ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен жолығады. Айта кету керек, кейінгісі Уимболдон турнирінде қатарынан 12 рет жеңіске жетіп, өзіндік рекорд жаңартып жатыр. Ол 2019 жылдан бері ешкімге есе жіберіп көрмеген. Рыбакина мен Халеп бүгін өзара мықтыны анықтайды. Лондондағы турнирдің жалпы қорытындысы 10 шілдеде белгілі болады. Ал оның жалпы жүлде қоры 40 млн АҚШ долларын құрайды.

Елена Рыбакина, теннисші

Алдағы кездесу оңай болмайды. Бірақ мен барымша еркін ойнауға тырысам. Екеуміз де іріктеу кезеңінен суырылып шықтық. Сондықтан мүмкіндіктеріміз бірдей. Әрине ол әлемдегі үздік теннисшілердің бірі саналады. Бірақ бұл фактор менің физикалық және психологиялық дайындығыма еш кедергі емес.