«Барыс» командасының бапкерлер құрамы анықталды

«Барыс» командасының бапкерлер құрамы анықталды

Хоккейден елордалық «Барыс» командасының бапкерлер құрамы анықталды. 

Маусым айында команданың тізгінін беларусь маманы Андрей Скабелка ұстаған еді. Оған көмектесетін бапкерлер штабы мынадай: 

Игорь Матушкин - бас бапкер көмекшісі; 

Фёдор Полищук - шабуылшылар жаттықтырушысы; 

Владимир Копать - қорғаушылар жаттықтырушысы; 

Александр Шимин - қақпашылар жаттықтырушысы; 

Кирилл Легчаков - физикалық дайындыққа жауап береді; 

Ерлан Сағымбаев - ойыншыларды дамыту бағытында қызмет атқарады.

prosports.kz