Ташкенттегі чемпионатта еліміз екінші алтынды жеңіп алды

Ташкенттегі чемпионатта еліміз екінші алтынды жеңіп алды

Қоржынға қос алтын түсті. Дәл қазір Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер бәсекесі өтті және бұл сында ел намысын  Едіге Емберді қорғаған. Ол барлық мүмкіндігін сәтті орындап, тіпті серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты. Яғни, 173 келіні басыннан асырды. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 309 келіні бағындырды. Осылайша Едіге өз жаз дейңгейінде қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Кейін оның жеңіс жолын орта салмақтағы Әлішер Байбұров қайталады. Ол жұлқа көтеруде 134, ал серпе көтеруде 155 келіні бағындырды. Сонымен қатар ұлттық құрама қоржыны тағы бір қоламен толықты. Бұл жолы қыздар арасына 55 келі салмақтағы Екатерина Алякина жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, осының алдында үш бірдей жерлесіміз жеңіс тұғырына көтерілген еді. Яғни Дарья Балабаюк күміс, ал Азамат Төлеген мен Ерасыл Омаров қола медаль жеңіп алды.

Едіге Емберді, ауыр атлетикадан Азия чемпионы:

- Шынымды айтсам қуаныштымын. Осы жарыс негізі қиын болды. Таиланд спортшысы мықты болды. Менен 1-2 келі аз көтерді. Жақсы жарыс болды. Енді біраз демаламыз. Келесі жылы юниорға өтеміз.