Астанада алғаш рет ATP 500 турнирі өтеді

Астанада алғаш рет ATP 500 турнирі өтеді
ФТК

Елордада 1-9 қазан аралығында Astana Open ATP 500 турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚТФ.

Қазақстанда мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

ATP 500 «Үлкен дулыға» және ATP Masters 1000 додаларынан кейінгі үшінші деңгейдегі жарыс болып есептеледі. Ойындар Есіл жағасындағы көрікті жерге орын тепкен Ұлттық теннис орталығының корттарында болады.

Турнирге әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кіретіндер қатысқалы отыр.