«Астана» мен «Тұран» тең түсті

«Астана» мен «Тұран» тең түсті

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі үшінші турында «Астана» мен «Тұран» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл күнгі алғашқы ойында Түркістанда жергілікті «Тұран» мен елордалық «Астана» командалары кездесті.

Елордалық футболшылар аталған кездесуде негізінен жастарға сенім артты. Алдағы бейсенбіде «Астана» өз алаңында UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Польшаның «Ракув» командасымен қарымта ойын өткізеді. Сондықтан негізгі құрам футболшыларына бейсенбіге дейін демалыс берді. Екі команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ «Ақжайық» (Орал) «Қызылжар» (Петропавл) командасын 1:0, «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды) 0:0 есебімен тең түсті. Ал «Тобыл» (Қостанай) өз алаңында «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командасына 1:4 есебімен жол берді. Дәл қазір «Қайрат» (Алматы) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары ойнап жатыр. Әзірге есеп 0:0.

Еске салсақ, бұдан бұрын 22 шілдеде «Атырау» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:4 есебімен есе жіберсе, «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Сондай-ақ, 23 шілдеде қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» командасын 2:1 есебімен сүріндірді.