Таэквондошы Бауыржан Хасенов Исламиаданың қола жүлдегері атанды

Таэквондошы Бауыржан Хасенов Исламиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таэквондошы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық таэквондошы Бауыржан Хасенов Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді.

Бұл біздің команданың Түркияда алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасурбек Клычов пен Жансель Дениз жүлдегер атанған болатын.