«Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды

«Қайрат» жарыс жолынан шығып қалды

Футболдан Қазақстан Кубогінің ширек финалдық кездЕсулері өтіп, бас жүлдені сарапқа салатын 4 команда анықталды.

Ең қызығы, тізімге алматылық клуб іліге алмады. «Қайрат» бұл жолы өз алаңында оралдық «Ақжайықты» қабылдаған еді. Матч барысында жергілікті команда басым болды. Тіпті 78-минутта капитан Сергей Кейлер есеп те ашты. Бірақ артынша "Қайрат" қорғаушысы Виктор Васин автоголдың авторы атанды. Ал ойынның ең соңғы минутында қонақтар сапындағы Оралхан Өміртаев мүмкіндігін сәтті пайдаланып, өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 2:1. Жартылай финалға «Ақжайық» шықты. Бұл жағдайды спорт мамандары сенсацияға балап жатыр. Бұдан бөлек, жартылай финал жолдамасына талас аясында Тараз бен Шахтер кездесіп, негізгі ойын уақытында тең түсті. Ал матч соңындағы пенальти сериясында тараздықтардың жолы болды. Дәл осылай Қайсар мен Ордабасы да пенальти сериясына дейін жетіп, нәтижесінде Ордабасы алға шықты. Ал Астана клубы Килан Лебон голының арқасында аутсайдер команданы әрең жеңді. Жартылай финал матчтары 19 қазанда өтеді.