Ертең Дэвис кубогінің ақтық кезеңі өтеді

Глазго қаласы D тобының құрамаларын қабылдайды. Топта Қазақстанмен бірге АҚШ, Нидерланды және Ұлыбритания теннисшілері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда жарысқа қатысушылар кортқа үйреніп, жаттығуларын бір пысықтап алды. Қазақстан құрамасында жарақат алған ойыншылар жоқ. Жерлестеріміз командалық әлем чемпионатының топтық кезеңіне өту үшін бұл сында жоғары нәтиже көрсетуге тиіс. Матчтық кездесулер 18 қыркүйекке дейін жалғасады.

Александр Недовесов, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Ойын оңай болмайтынын жақсы түсінеміз. Барлық қарсыласымыз мықты. Олардың қателікке бой алдыруын күтіп, тек сәттілікке сене берген әсте дұрыс болмас.

Андрей Голубев, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

- Мықтылар мықтылығын дәлелдеуге тырысады. Фавориттерге жүктелген жауапкершілік мол. Әсіресе жұптық ойын күрделі. Қолымыздан келгенше тырысамыз.