Әлемдегі ең сымбатты жігіт Қазақстанда тұрады

Жерлесіміз Бақыт Төлегенов мистерлер арасындағы дүниежүзілік байқаудың финалына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Финалға шыққан алғашқы қазақ. Қазір ол Ұлыбританияның Глазго қаласында дүниежүзілік доданың шешуші сынына дайындалып жатыр.

Бақытты теннис турнирінен кездестіріп қалдық. Дәл қазір Глазгода халықаралық Дэвис кубогі өтіп жатыр және кейіпкеріміз ұлттық құраманы қолдауға келді. Қазақ елінің абыройын асқақтататын кез-келген дода аса маңызды дейді ол. Осы мақсатта мистерлер арасындағы әлемдік аламанның іріктеуіне қатысып, финалға шыққан 40 үміткердің тізіміне ілікті.

Бақыт Төлегенов, байқауға қатысушы:

Шетелде жүрген кезде өз елімді жақсы жағынан таныстыруға міндет деп есептеймін. Қандай да ортада араласпайық, қазақ елін жақсы жағынан таныстыруға ұмтыламыз. Осы жаз айында неге осы қазақ жігіттері біреуге күлкілі болып көрінеуі мүмкін. Бұл сайыс тек сымбаттылғы жағынан емес, интелеутуалдық тұрғыда, физикалық тұрғыда жарыстар болады. Соған қатысуға бел байладым. Нәтижесінде финалға шықтым.

 Бақыт қазір жергілікті Глазго университетенің докторанты және осы жерде мұғалімнің көмекшісі болып та жұмыс істейді. Машина жасау саласының маманы. Қолы қалт ете қалса гитара тартады, спортпен шұғылданады. Қазақстаннан келген студенттерге ағалық ақылын айтады. Қолдан келгенше көмектеседі.

Мөлдір Жүнісбек, жергілікті тұрғын:

Біздің үйде отырған кезде байқау нәтижесі шықты. Өте қатты қуандық. Біздің елден сондай азамат біріші бара жатқанына қуандық. Біздің ойымызша, ол Қазақстан жігіттеріне мотивация.

Кейіпкеріміз бұған дейін Алматыда және Санкт-Петерборда білімін жетілдірді. Бірнеше ғылыми жоба жасады. Енді бірер жылда Қазақстанға оралып, ел игілігіне қызмет етсем дейді.

Бақыт Төлегенов, байқауға қатысушы:

Өздеріңіз білетіндей, қазір ғылымммен жұмыс істеп жатырмын. Жобамның ақтық шегіндемін. Оны аяқтағаннан кейін елге оралып, артық айтқым келмейді, еліміздің ғылым-біліміне үлес қоссам  деген ниетім бар.

Ал Manhunt International байқауының шешуші кезеңі қазан айында Филиппинде өтеді. Жалпы әлемде ерлерге арналған төрт жарыс бар екен. Бұл – ең беделдісі. Қызылордалық жігіт оған тек қатысып қана қоймай, топ жарудан да дәмесі барын айтып қалды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Қайролла