Америкадағы қазақтар Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті асыға күтіп отыр

Қайырлы таң, Астана! Иә, Вашингтонда, Мэриленд және Вирджиния штатында Елшілікте жұмыс істейтін азаматтарды қосқанда шамамен 100-ге қазақ отбасы бар. Жұмыс бабымен жүрген, жеке кәсіп ашқан жерлестеріміз бүгін Генаны қолдайық, бірге отырып бас қосайық, жанкүйер болайық деп жиналды.

Палау пісіріп жедік. Бәс тігіп, қызу пікір алмастық. Иә, бүгін Лас-Вегаста IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті асыға күтіп отырмыз. Әрине барлығы Трипл Жидің жеңісін күтеді. Боксшылар бүгін шаршы алаңда екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласқа түседі.

Жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында Головкин өзін жайлы сезінетінін, бабында екенін айтты. Альварестің стратегиясы агрессивті болса, өзінің көп жылғы тәжірибесіне сүйенетінін мәлімдеді. Ал Канело, қарсыласын көп ұзамай сұлатып тастайтынына сенімді. Сонымен, не де болса, екі боксшының арасында 2017 жылдан бері айтылып келе жатқан бәсеке дауы, осы үшінші жұдырықтасудан соң аяқталады.

Естеріңізге салайын, бірінші жекпе-жекте Головкин мен Канело тең түсті. Бірақ ол кездесуде Геннадий 703 соққы жұмсап, оның 218-і дөп тиген. Ал Сауль Альварес 505 соққы жасап, тек 169 тигізген.

АҚШта қазір таңғы сағ 9-дан кетті. Жекпе-жек әлі бастала қойған жоқ. Егер сүйінші хабар бодса бірден сіздерге шығып хабарлвйтын боламыз.