ФИДЕ Гран-приі: Жансая Әбдімәлік 5-сатыға көтерілді

Жансая алдыңғы бестікке ілікті.

лордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының гран-приі жалғасып жатыр және жарыстың соңына қарай спортшылар арасындағы тартыс күшейді. Кезекті яғни 10-шы турда қазақстандық Жансая Әбдімәлік ресейлік Екатерина Лагномен кездесті.

Айта кету керек, соңғысы басты фаворит саналады. Сәйкесінші, жалпы есепте бірінші тұр. Ойын тең нәтижемен аяқталды. Соған сәйкес, Жансая 5-ші сатыға көтерілді. Ал Екатерина топ басындағы орнын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева германиялық Элизабет Петцке есе жіберді.

Салдарынан турнир тізімінің ең соңғы яғни 12 сатысына төмендеді. Бүгін ақтық тур өтеді. Оның аясында Жансая польшалық, ал Бибісара қытайлық спортшылармен жолығады. Бірақ қалай болғанда да жерлестеріміз алыңғы үштіктен табыла алмайды. Еске сала кетейік, елордадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.