Астанада алғаш рет рестболдан турнир өтті

Астанада алғаш рет wrestball спортынан халықаралық турнир өтті.

«Тақтай Тим» жауынгерлік клубы мен Аманат партиясының Жастар Рухы жастар қанатының мұрындық болуымен 4 команда өзара мықтыны анықтады. Бұл жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ингушетия Республикаларының спортшылары арнайы келген. Айта кету керек, рестбол соңғы кезде жастар арасында кең танымалдылыққа ие. Ойын қарапайым баскетбол секілді тек күрес элементтері қосылған. Яғни доп ұстап жүгірген қарсыласқа ойыншыны жығып құлатуға рұқсат етілген.

Арсланбек Мағзұм, "Жастар рухы" ЖҚ қалалық филиалының төрағасы:

- Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жоладуында аса маңызды темалардың бірі нашақорлық болған. Сондықтан біз осы нашақорлыққа қарсы осындай турнирді ұйымдастырғалы отырмыз. Ең басты мақсатымыз - ол нашақорлықпен күрес. Бүгінгі күні wrestball турнирін өткізгелі отырмыз.