Бекзат Нұрдәулетов Польшадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Бекзат Нұрдәулетов Польшадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Бекман Сойлыбаев және Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші болып рингке Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) шықты. Ол грузиялық Яго Кизириямен (6-9, 4 КО) сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін  хабарлағанымыздай, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO титулын қорғаған болатын.

Бекман Сойлыбаев мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA екінші белбеуін иеленді.

Үш қазақстандық боксшы Польшада WBA және WBO титулы үшін жұдырықтасады.