Қостанайда жастар лигасының финалдық ойындары өтті

Қостанайда алғашқы жастар лигасының финалдық ойындарына қатысушылар футбол, баскетбол, волейболдан өзара сынға түсіп, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуір айында басталған фестивальде облыстың түкпір-түкпірінен 32 команда сынға түсті. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» жобасы шеңберінде өткен лиганың жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық. Жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара келер жылы да жалғасын табады.

Абай Дүйсеков, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

– Бұрынғы өтіп кеткен жобалармен салыстыратын болсақ, бұрынғы жобалар бір-екі күнде өтіп кететін турнирлер. Жастар жиналады. Бір-екі күнде ойындар өткізеді. Сосын тарап кетеді. Ал биылғы жылдың форматы бойынша көптеген командалар өз-өзімен танысты. Команда капитандары бірі-бірін білетін болды. Жоба бітетін болса да әрі қарай ойнап, уақыттарын жақсы өткізеді деген ойдамыз.