Теннисшілер Астанадағы ATP 500 турнирінен қанша табыс тапты?

Теннисшілер Астанадағы ATP 500 турнирінен қанша табыс тапты?

48 миллион теңге. Елордадағы АТР 500 турниріне қатысқан жерлестеріміз осынша табыс тапты.

Айта кету керек, Астана бұндай деңгейдегі жарысты алғаш қабылдады. Оған әлемнің ең үздік теннисшілері жиналған болатын. Араларында 8 қазақстандық спортшы бар. Бірақ барлығы да іріктеу кезеңінен аса алмады. Салыстырмалы түрде Александр Бублик қана сәтті өнер көрсетті. Ол екінші айналымға шыққан болатын. Соның арқасында 15 миллион теңге сыйақы алды. Ал алғашқы айналымда-ақ жарыс жолынан шығып қалған Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кушкин, сәйкесінше 8 және 7 миллион теңгеге қалтасын қалыңдатты. Жұптық сында өнер көрсеткен жерлестеріміздің табысы бұдан да төмен. Жалпы алғанда аталған көрсекіштер аса үлкен емес. Өйткені, жарыс жеңімпазы Новак Джоковичке 168 миллион теңге берілді. Бұл жерлестеріміздің табысынан 4 есе артық. Екінші орын алған Стефанос Цициипас 90 миллион теңгені қалтаға басты.

Еске сала кетейік, елордадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион 900 мың АҚШ доллары болды. Ұлттық валютаға шаққанда 900 миллион теңгеге жуықтайды.