Елдегі БАҚ өкілдері шағын футболдан өзара мықтыны анықтады

Республика күні қарсаңында Қазақстан Парламентінің Мәжілісі, тілшілер арасында республикалық турнир ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат қызметкерлерінің басын қосатын, аяқ доп додасына өңірлерден жалпы саны 21 команда қатысты.

Журналистермен қатар жасыл алаңға Мәжіліс депутаттары да шығып, бақ сынап көрді. Мақсат – бұқаралық спортты насихаттап, халық пен билік арасында, алтын көпір атанған БАҚ өкілдерін қолдау, әрі республика күніне орай мерекелік күңіл күй сыйлау. Мәжіліс CUP биыл алғаш рет өткізілді. Дәстүрге айналдыруға ниеттіміз дейді, ұйымдастырушылар. Ойындар «Астана-арена» стадионында өтті.

Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл – Мәжіліс Кубогының ерекшелігі бірінші кезекте БАҚ өкілдерін, журналистер қауымын қолдау. Жақынді бзге мәжіліске БАҚ туралы заң келеді. Бұл заңның орны да қоғамдағы салмағы да бөлек болады. Соның қарсаңында және журналистер қауымын қолдау бағытында және  үлкен мереке республика күні. Үлкен тарихи күн. Осы уақытқа дейін біздің тәуелсіздік деклорациясы жарияланған күннің  ресми түрде халықтың ұлттық мереке ретінде тойлауына жасалып жатқан қадам қарсаңындағы үлкен шара.