Атырауда асық атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр

Ел үздіктері Атырауда бас қосты. Батыстағы аймақта асық атудан Қазақстан кубогі өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бас-аяғы 170-ке жуық спортшы қатысуда. Яғни ерлер классикалық асық тау бойынша ал қыздар бесасықтан өзара мқытыны анықтайды. Спортқа жауапты министрлік, Атырау облысы әкімдігі және Асық ату республикалық федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бәсекеге еліміздің 10 өңірінен асық ату шеберлері жиналды. Әзірге Астана қаласы мен Түркістан облысының командалары алда келеді. Сәйкесінше бас жүлде үшін күрес те осы командалар арасында өтеді. Ал Павлодар мен Алматы облыстарының спортшылары үшінші орынды сарапқа салады.

Жомарт Сабыржанов, асық ату республикалық федерациясының атқарушы директоры:

– Біздің ата-бабаларымыздан қалған, мирас болған мұраны ұлықтап, өз үлесімізді қосып кейінгі ұрпаққа аманат етуге атсалысып жүрміз. Мына саусақтардың маторикасын жетілдіру деген ол мына мидің жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді. Ол дәрігрелермен дәлелденген зат өзі.